МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС АЛДЫ
Мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспардың аясында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында қайта даярлау курстарынан және біліктілігін арттырудан өтіп жатқан қызметшілерге мастер-класс өткізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге мемлекетт пен қоғам арасындағы серіктестік қатынастарды орнату және өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, сондай-ақ ел мен оның азаматтары алдындағы адалдық пен жауапкершілік мәселелері маңызды екендігі түсіндірілді.
Қатысушылар мемлекеттік органдарда орын алып жатқан үздік жұмыс тәжірибелерімен алмасты.
Мастер-класс соңында тыңдаушылардың тарапынан туындаған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.