Мемлекеттік награда табысталды
Бүгін Сарысу ауданында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері атанған 12 анаға Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі №191 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік награда табысталды. Шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытов ауданның демографиялық дамуына үлес қосып отырған көпбалалы аналарға ризашылығын білдіріп, аналарға қанша құрмет көрсетілсе де, көптік етпейтінін жеткізді. Бүгін 5 ана − «Алтын алқа», 7 ана − «Күміс алқа» иеленді. Ресми дерек бойынша аудан бойынша «алтын құрсақты» аналар саны – 1598 болса, оның ішінде «Алтын алқа» — 667, «Күміс алқа» — 931, ал батыр аналар саны 134.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі