Мемлекеттік органдар өз сайттарының IT-қауіпсіздігіне жауапты
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі өткен демалыста жергілікті атқарушы және жергілікті өкілдік органдарының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының интернет-ресурстарын бұзып кіру инцидентін тіркеді.
ҚР АКМ-нің «МТҚ» РМК-ның Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі барлығы 21 интернет-ресурсқа бұзып кіруді тіркеді. Өткен барлық инцидент бойынша ресурстардың иелеріне басып кіру салдарын жою мақсатында хабарлама жолданды. Қолда бар деректер бойынша интернет-ресурстардың басым бөлігі бір серверде орналасқан және бір осалдығы бар.
Бұл жағдай мазмұнды басқару жүйесін уақтылы жаңартуға (CMS), тиісті қорғаумен қамтамасыз етуге, инцидентті уақтылы анықтауға, жосықсыз өнім берушілермен интернет-ресурстарды сүйемелдеуге шарттар жасасуға интернет-ресурстардың иелері тарапынан бақылаудың жоқтығынан болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта осыған ұқсас инцидентерді алдағы уақытта болдырмау бойынша жауапты адамдармен барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.
ҚРАқпарат және коммуникациялар министрлігінің
баспасөз қызметі