Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы әрдайым қатаң бақылауда болады

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) және «Келешек Атырау» Қоғамдық бірлестігімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсету барысында жасанды әкімшілік кедергілерді анықтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Жасырын тұтынушы» әдісімен бірқатар мемлекеттік органдардың қызметіне кезекті қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Кезекті бақылау жүргізу барысында төмендегіше мемлекеттік органдар тарапынан бірқатар кемшіліктер анықталды.

Атап айтқанда Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус орналасқан есікке ішкі бетінен кедергі келтірілген.

Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығында көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттері орналастырылмаған.

Атырау қалалық білім бөлімінің кезек күту залындағы ауа салқындатқыштардың істен шыққандығы анықталды.

Атырау қалалық жер қатынастары бөліміндегі құжат қабылдау бөлімінің қызметкері әдеп нормаларына сәйкес келмейтін жат қылықтармен көзге түсті.

Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөліміндегі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «қызметкерді көмекке шақыру тетігі» істен шыққан.

Құрманғазы аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус жасалмаған.

Бұл ретте, мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан анықталған кемшіліктер бойынша «Келешек Атырау» ҚБ-мен және Департаментпен тиісті органдарға қажетті шешімдер қабылдау туралы тапсырмалар беру нәтижесінде аталған кемшіліктері жою жұмыстары жүргізілуде.

«Келешек Атырау» Қоғамдық бірлестігі және Департаменттің бастамасымен орындалып жатырған қоғамдық бақылау жұмысы алға қарай да тұрақты түрде жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы әрдайым қатаң бақыланатын болады.

                                                                                                                Өз тілшіміз