Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданғандар үшін әдептілікке үйретуде практикалық әдістерді қолдануда

Ағымдағы жылдың 12 маусымы күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы базасында мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормаларын сақтау және заң талаптарын сақтау мәселесі бойынша оқыту жүргізді.

Жас мемлекеттік қызметшілер тәртіптік теріс қылықты қарауды жүзеге асыратын Әдеп жөніндегі кеңестің отырысын сахналады.

Атап өту қажет, мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер 3 апталық қайта даярлау курстарында мемлекеттік қызметтің қыр-сырын ұғады. Курстан алған білімдерін олар Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында тәртіптік істі қарау сценариі бойынша қойылымын қою арқылы тәжірибеде көрсетеді.

Бүгін, тыңдаушылар Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысына  қатысты тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарады.

Тәртіптік істі қарау барысында,жауапкершілікке тартылушы өзінің түсіндірмесін жеткізді, ал Кеңес мүшелері көптеген сұрақтар қойды. Кінәнің мазмұны: Бөлім басшысы

мердігер мекемеге қаржы көлемін толық аудару арқылы мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік елеулі теріс қылыққа жол бергені және заңнамада белгіленген тәртіппен барлық жағдайды анықтау бойынша шара қабылдамауы.

Тәртіптік істі қарау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес кінәлі мемлекеттік қызметшіні «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартуды ұсынды.

Жалпы, интерактивті оқытудың осындай тәсілдері мемлекеттік қызметшілердің санасының жедел өзгеруіне ықпалы жоғары екендігін атап өту қажет. Әдептік құқық бұзушылық мысалдарын қарау, рұқсат етілгенді және тыйым салынғанды ажырата білуді үйрену арқылы мемлекеттік қызметшілер әдептік нормалары және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы қатаң сақтауға бағытталған адамгершілік сананы тәрбиелейді.

Осындай әдіс-тәсілдер немесе Mock trials (сот процестерін сахналау) дамыған елдерде оқыту, біліктілігін жоғарылату және шеберлікті шыңдауда кеңінен қолданылады.

                                                                                                                             Өз тілшіміз