Мемлекеттік қызметкерлер «ДОМ» қайырымдылық қорына көмектесті
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында республикалық «Алға басу – движение вперед» мемлекеттік қызметкерлер арасында қайырымдылық жүгірісі өткізілді. «Алға басу – движение вперед» мемлекеттік қызметкерлер арасында қайырымдылық жүгірістің мақсаты «ДОМ» қайырымдылық қорына қолдау көрсету болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасымен ұйымдастырылған қайырымдылық жүгіріске 300-ге жуық адам қатысты. Спорттық доданың салтанатты шарасын Департамент басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасы Т.Қ. Жұмағұлов ашты. Қайырымдылық жүгірістің қорытындысымен жүлдегерлер медальдармен және дипломдармен марапатталса, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, Атырау облысының барлық аудандарында да бір мезгілде қайырымдылық жүгірісі өткізілді. Барлық жиналған қаражат «ДОМ» қайырымдылық қорына аударылды.
Жеңімпаздар: 60-69 жас ерекшеліктерінде ерлер арасында: 1-ші орын Тұрлыхан Б. 2-ші орын Сабиров Ә. 50-59 жас ерекшеліктерінде ерлер арасында: 1-ші орын Махуов І. 2-ші орын Құмарғалиев М. 3-ші орын Байзуллин Ұ.
әйелдер арасында: 1-ші орын Исмагулова Ұ. 2-ші орын Тюлебаева Г. 3-ші орын Амирова А.
40-49 жас ерекшеліктерінде ерлер арасында: 1-ші орын Утепов Ж. 2-ші орын Тастембаев С. 3-ші орын Бесқалиев С.
әйелдер арасында: 1-ші орын Куркитова Г. 2-ші орын Доспанова Г. 3-ші орын
32-39 жас ерекшеліктерінде ерлер арасында: 1-ші орын Баймұратов Б.
2-ші орын Нсанбаев С. 3-ші орын Шарипов Р.
әйелдер арасында: 1-ші орын Картимова А. 2-ші орын Дүйсенова Г.
3-ші орын Сарбалина С. 25-31 жас ерекшеліктерінде ерлер арасында: 1-ші орын Шевченко А. 2-ші орын Тұрғали Н. 3-ші орын Ибрагимов А.
Әйелдер арасында: 1-ші орын Елубай А. 2-ші орын Еділбаева А. 3-ші орын Мусабаева А.
Өз тілшіміз