Мемлекеттік қызметкерлердің 58,6%-ын әйелдер құрайды Маңғыстау мемлекеттік қызметінің жай-күйі
Ағымдағы жылдың 7 тамызында өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Н. Жанназарованың және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облыстық филиалының директоры А. Демеуованың қатысуымен брифинг өткізілді.
Мемлекет басшысының «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында түскен ұсыныстарды және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» алғашқы институционалдық реформасын іске асыру бағытында Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен атқарылып жатқан жұмыстар туралы департамент басшысы хабардар етті.
Брифинг барысында Нұргүл Жанназарова облыстағы кадрлық жағдайдың мониторингі нәтижелері бойынша толықтай ақпарат берді.
Атап айтқанда, өңірде 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 171 жергілікті атқарушы орган бар, ондағы қызметшілердің:
штаттық саны 1347 нақты саны – 1280.
Облыс бойынша (орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар) барлығы — 265 мемлекеттік органдар бар, ондағы қызметшілердің штаттық саны – 3058, нақты саны – 2811.
Мемлекеттік қызметтегі әйелдер 58,6%-ды құрайды (1658), оның ішінде: жергілікті атқарушы органдар – 55,8% (714), орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері – 61,7% (944).
Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы —36,2 (республикада -38,7)
Жергілікті атқарушы органдардағы бос орындар саны — 67, яғни штаттық бірліктің 5% құрайды (республикада -7,5). Бүгінгі таңда жалпы штаттық бірліктің 95% қамтылған.
Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелеріндегі бос орындар саны — 180, яғни штаттық бірліктің 10,5%(8,2%) құрайды, жалпы штаттық бірліктің 89,5% (91,2%) қамтылған.
Облыс бойынша барлығы – 247 бос орын бар, пайыздық үлесі — 8,1% (республикада –7,9).
2019 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік қызметтен өз еркімен босатылғандар – 36 (2,7%) (республикада -2,7) құрайды.
Ұлт жоспарының 5 және 6 қадамдарын жүзеге асыруда 2018 жылы бірнеше органдармен қатар Маңғыстау облысы әкімдігінде де әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үшін факторлық-баллдық шкала негізінде пилоттық режимде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгендігі белгілі.
Маңғыстау облысы бойынша пилоттық режимнің енгізілуі кадрлық құрам бойынша өзінің оң нәтижелерін беріп отыр. Атап айтқанда, Маңғыстаудың еңбек нарығында мемлекеттік қызметтің бәсекелестік қабілеті артты, Маңғыстау әкімдігінде бос орындар саны 5%-ға дейін азайды, Маңғыстауда мемлекеттік қызметтен кеткендер саны 4,2% -дан 2,7%-ға дейін азайған, Маңғыстауда ауыл әкімдіктерінде кадр тапшылығы жойылған, Мемлекеттік қызметке маңғыстаулықтардың қызығушылығы артқан, Маңғыстау әкімдігінде біліктілігі жоғары мамандар қатары көбейді, Маңғыстауда қызметке жаңадан келген жас мамандардың жұмыстан өз еркімен кетуі 2 есеге азайған.
Мемлекеттік қызметтің кадрлық жағдайы мен еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесінің басты оң әсерлерін жеткізе отырып, аумақтық департамент басшысы мемлекеттік қызметтің кадрлық сапасын жақсарту бойынша жұмыс одан әрі жалғасатындығын баса айтты.
ҚР Мемлекеттік қызмет істер
агенттігінің Маңғыстау облысы
бойынша департаментінің баспасөз қызметі