МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖАРЫСЫ
Бүгін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Сарысу ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында эстафеталық жарыс өтті. Қатысқан адам саны: 25.
Аталмыш додаға ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлерінен жасақталған 5 құрама команда қатысты.
Осы сайыста 3-орынды Сарысу ауданы және Жаңатас қаласы әкімінің аппараты құрамасы иеленді.
2-орынды Саудакент, Игілік, Жаңаталап ауылдық окргтерінен жасақталған «Намыс» командасы иеленді.
Сарысу аудандық эстафеталық жарыстың жеңімпаздары «Айбын» командасы, құрамында: қаржы бөлімі, экономика бөлімі және ішкі саясат бөлімі.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының тағайындаған арнайы грамота, медаль және кубоктармен марапатталды.
Сонымен қатар аталған спорттық іс-шара сақтық талаптарына сай өткізілді.