Мемлекеттік қызметшілердің заңнамаларды бұзу деректері едәуір азайған
Жыл басынан Жамбыл облысында мемлекеттік қызметкерлерге 171 тәртіптік жаза қолданылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 32,2%-ға азайып отыр (өткен жылдың І тоқсанында 252 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған).
Жаза алғандардың басым көпшілігі 63,5%-ы (108 қызметкер) жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне тиесілі. Қалған 63 жаза орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің қызметкерлеріне қолданылған.
Берілген тәртіптік жазалардың 102-і «ескерту», 46-ы «сөгіс», 13-і «қатаң сөгіс», 10-ы «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі жазалар.
Жазаға тартылғандардың 55-і басшы, 116-ы өзге мемлекеттік лауазым атқаратын мемлекеттік қызметшілер.