Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы жақсара түседі

Ағымдағы жылдың 22 мамыры күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі-Департамен) жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының (бұдан әрі ведомствоаралық жұмыс тобы) кезекті отырысы өткізілді.

 Ведомствоаралық жұмыс тобының  негізгі мақсаты – жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша проблемалық мәселелерді шешу, сондай-ақ халықтың пікірін ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсынымдар әзірлеп қызмет берушілерге енгізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің күш-жігерін біріктіру болып табылады.

Отырыста Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, сонымен қатар Құрманғазы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бойынша атқарылған жұмыстары және проблемалық мәселелері қаралып, мемлекеттік органдардың басшыларына Ведомствоаралық жұмысшы топпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес Департаменттің «Жасырын тұтынушы» әдісімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау және қол жетімділігін арттыру мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижелері қаралды.

Бұл ретте, «Жасырын тұтынушы» әдісі арқылы мониторинг жүргізудің басты мақсаттары: қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді анықтау, одан әрі сол анықталған кемшіліктер мен заңбұзушылық фактілерін жою болып табылады.

Аталған жоба шеңберінде Атырау облысының жергілікті атқарушы органдары мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері  тарапынан бірқатар кемшіліктер мен заңбұзушылық және жасанды әкімшілік кедергілер сияқты фактілері анықталған болатын.

Анықталған фактілерді жою және алдын алу мақсатында Атырау қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне және Денсаулық сақтау басқармасына тиісті ұсынымдар берілді.

Өз кезегінде, Департамент басшысы және Ведомствоаралық жұмысшы тобының төрағасы Т.Жұмағұлов Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында,  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы көрсету және оларды электронды түрге көшіру бүгінгі күні басты мақсаттардың бірі екендігін атап өтті.

Бұл үшін, мемлекеттік органдарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу туралы насихаттау жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті ұсынымдар енгізілді.

Жиналыс соңында, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындаған проблемалық мәселелерді жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіру  және электронды қызметтердің санын арттыру бойынша ұсыныстар енгізіліп, Ведомствоаралық жұмысшы тобымен 2018 жылдың ІІ-жарты жылдығына арналған жұмыс жоспары бекітілді.

                                                                                                                Өз тілшіміз