Мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін мызғымас негіздерінің бірі. Сондықтан, рәміздерді қастерлеу – баршаның ортақ парызы.
Осы мақсатта, ағымдағы жылдың 9-17 наурызы аралығында Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай және Шу аудандарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бас маманы Ш. Қашқынбек мемлекеттік ұйымдар мен құқық қорғау органдарында бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін арттыру, ҚР Мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану және қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, әдістемелік көмек көрсетті.
Түсіндіру жұмыстары барысында «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңы, «ҚР Қылмыстық кодексінің» 372 бабына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ, латын графикасындағы Елтаңбаға көшу жұмыстары туралы түсіндіріліп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Аталған бағыттағы жұмыстармен облыс бойынша 150-ден астам мекеме қамтылды.
Түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Қордай ауданының әкімдігі