Мемлекеттік қызмет мектебінің студенттері мемлекеттік қызмет сынағынан сәтті өтуде

Мемлекеттік қызмет мектебінің (МҚМ) 10 студенті мемлекеттік қызметке түсуге арналған тестілеуден сәтті өтті. Бүгін осы студенттер жоғары білім туралы дипломды тапсыру рәсіміне қолдарындағы сертификаттарымен барады. Бұл мемлекеттік қызмет мектебінің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Осындай қысқа уақыт ішінде мемлекеттік қызмет мектебіне іріктелген қаланың үздік студенттері Мемлекеттік басқару академиясында оқудан және мемлекеттік органдарда тәжірибеден өтті, ең бастысы өз әлеуетін мемлекеттік қызметте көрсетуге және практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік алды.

“Мемлекеттік қызмет маған қол жетпейтін нәрсе болды. МҚМ арқасында мен мемлекеттік қызметтің тестін тапсырдым. Енді менде жоғары білім туралы дипломнан басқа, сертификат да бар. Келесі мақсатым – байқауларға қатысу және мемлекеттік қызметке кіру”,- деді Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің түлегі Жұпарбай Гүлнұр.

Мемлекеттік қызмет мектебі өз жұмысын өткен жылдың басында бастады. Іріктеуге Шымкент қаласының бес ЖОО-ның 4 курс студенттері қатысты, олардың 100-і ғана өтті.

ШГС бағдарламасына мемлекеттік басқару академиясында тегін оқу, мамандықтар бойынша мемлекеттік органдарда практикадан өту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің реформалары және нормативтік-құқықтық актілерімен жан-жақты танысу мүмкіндігін беру кіреді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.