МЕМОРАНДУМ АЯСЫНДА ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ.

Үстіміздегі жылдың 8 сәуірде еліміздің жастар ресурстық орталықтары мен
ұйымдарының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық
акциясы басталған болатын. Ауқымды экологиялық науқан бес аптаға
созылады және оның әр аптасы белгілі бір тақырыпқа арналады, деп
хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Акцияның әр аптасы » Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ», атты нақты тақырыпта өтетіндігі белгіленген
болатын. Осы мақсатта үлкендер бастап, жастар қостап, жұдырықтай
жұмылып 1- ші сәуір мен 1-ші маусым айлары аралығында Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы
комитетінің облыстық балықшаруашылығы инспекциясы «Таза су айдындары» акциясын өткізуде. Аталған акция балық аулау желілерінен су айдындарын тазарту және жағалау аумақтарын жинау, сондай-ақ балық ресурстарын сақтау және балықтардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында өткізілуде. Сонымен қатар, дәл қазір
балықтардың уылдырық шашатын маусымы болғандықтан оны да қатаң
ескергенді насихаттау болып табылады. «Мұндай акциялар болашақ ұрпақ
үшін су қоймаларымыздың биоалуантүрлілігін сақтау үшін үлкен маңызға ие. Біз су қоймаларын тасталған (иесіз) балық аулау жабдықтарынан, жағалау аумақтарындағы қоқыстардан тазартамыз. Бұл сөзсіз қоршаған ортаға көп пайда әкеледі. Барлықтарыңызды су объектілерінде, балық ресурстары мен
басқа да су жануарларының тіршілік ету орталарында тазалықты сақтауға
шақырамын», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық
бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының басшы Азамат
Кабдугалиев.
Атап айтсақ Шу ауданы бойынша 5 су қоймалары бар. Олардың ішіндегі
ауқымды су қоймасы Республикалық мәніндегі Тасөткел су қоймасы. Бұл
жағдайды ескерген Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы
инспекциясының басқармасының тікелей атсалысуымен ұйымдастырылуда.
Өйткені, 2022 жылғы 29 желтоқсанда Шу-Талас облысаралық бассеиндік
балық шаруашылық инспекциясы және «Балық Fest Shu» қоғамдық бірлестігі
арасында өзара екіжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол
қойылған болатын.
27 ақпан 2024 жыл 7-0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2024 җылғы 24
ақпандағы 30-9/42 санды Балық шаруашылығы су айдындарында
«Уылдырық шашу-2024» балық қорғау акциясын өткізу туралы бұйрығына
сәйкес Шу ауданындағы Тасөткел су қоймасының жағалауында «Балық Fest
Shu» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен тазалық жұмыстары
жүргізілді.Іс -шараға Шу ауданы Жастар орталығы сондай — ақ Шу ауданынан
жиналған 50-ге тарта еріктілер мен кәсіпқой балықшылар белсене қатысып,
жағалаудың алдағы балық аулау науқанына дайындық жұмыстарына өз
үлестерін қосты. Атап айтсақ бұл шараға 1-камаз, 1-қалақты трактор, 6моторлы қайықтар жұмылдырылды. Нәтижесінде 10 тоннаға жуық жағалаудағы қоқыс қалдықтары мен су астында қалған 5- шақырымға жуық тастанды торлардан тазартылды. Бұл атаулы шараға үлес қосқан «Сауда-Сервис» ЖШС-і мен «Нариман» ШҚ-ы, Шу ауданы Төтенше Жағдайлар бөлімшесі және Шу-Талас облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы белсене атсалысты. Шара соңында бірқатар белсенділер «Балық Fest Shu» қоғамдық бірлестігінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Осы орайда көпшілікке түсіндіру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары да жүргізіліп, мақалалар жарияланды.
Жұмахан Чекаев. «Балық Fest Shu» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.