«Мен анам арқылы қазағымды таныдым»

Ернар Мыңтаев, Мемлекеттік Ғазиза Жұбанова атындағы шекті аспаптар квартетінің жетекшісі, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» орденінің иегері, Бірнеше дүркін халықаралық конкурстың жеңімпазы, Президенттің «Болашақ» бағдарламасымен  Швецарияда білім алып келген, бүгін ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

— Анамның өжеттілігіне, табандылығына қайран қаламын. Ес жиып, ат жалын тартып мінгелі тек қызу еңбек үстінде келеді. Бір сәтке ұлт мүддесін есінен шығарған емес. Анамның «ұлтым үшін аянбаймын» деп қайрауға салған отты сөздерін өзіме қаратып айтқан сөз деп бағалаймын. Өйткені анамның ел мүддесі үшін еткен еңбегі — маған берген тәрбиесі. Анам арқылы қазақтың боямасыз өмірін, намысын, ар-ожданын тани алдым. Бұл да, әсіресе, ақ жаулықтылар қатарынан көріне бермейтін аса дарындылық, асқан шеберлік!

%d0%b5%d1%80%d0%bd%d0%b0%d1%80-%d0%b0%d2%93%d0%b0%d0%bc%d0%b5%d0%bd

Мен анамды дарынды басшы, талантты ұйымдастырушы, көреген психолог десем, артық айтқандық болмас. Бойымдағы тамшыдай таланттың көзін ашып, қатарға қосқаны — соның айғағы. Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінде қаншама дарынды жастарды жетелеп жүрді. Олардың көбі бүгінде елге танымал азаматтар. Ал менің жеке басымның жетістіктері анамның еліміз үшін төккен терінің бір тамшысы ғана.

«Болашақ» бағдарламасымен шетелдің озық оқу орнында тәлім  алуым  да үйдегі ұстазымның асқан еңбегінің жемісі.

Анама үрім-бұтақ ортасында мың жасаңыз дегім келеді!