«МЕН ДОНОРМЫН!»

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жанынан құрлыған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының және мемлекеттік қызметшілерден құралған «Руханият» волонтерлік қозғалысының мүшелері «МЕН ДОНОРМЫН!» қайырымдылық акциясын өткізді.
Возможно, это изображение 14 человек, осветительное оборудование и текст
Дүние тіршілігінде адам өмірі мен оның денсаулығынан бағалы ештеңе жоқ. Сын сәтінде дәрігерлермен бірге өзгенің өмірін сақтап қалуға тырысатын адамдар аз емес. Соның бірі – донорлар, яғни, ерікті түрде қан берушілер.Возможно, это изображение 1 человек, больница и текст «3a 220% 220 6»
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, ауруханаларды қанның құрамдас бөліктерімен толық қамтамасыз ету үшін 1000 адамға шаққанда 20-25 адамның қан тапсыруы қажет екен.
Қан тапсыру – қайырымдылықтың, мейірімділіктің бір көрінісі болып табылатынын ұмытпайық.