Мен Мұсылмандарды неге жақсы көрем?
Криштиану Роналду
Мен Мұсылмандарды неге жақсы көрем?
… Балалық шағым қиын болды. Кедейшілікте өмір сүрдік. Көрші балалар мен достарым жаңа ойыншық алып жатқанда қатты қызығатын ем. Мектепке жаяу баратынмын, көбіне бара алмайтынмын, тым кедей тұратынбыз. Бар ермегім доп болды, барлық жоқ нәрсеге деген өшімді допты теуіп алатын едім…
Мен африкалық балаларға байлығым тасып баратқаннан емес, атақ үшін емес, олардың қазіргі күйін бір кезде көргеннен, жағдайын сезінгеннен қайырымдылық жасаймын.
Менің атымды атап, маған кішкентай қолдарын созған палестиналық аш, жалаңаш балақайларды көргенде көз жасым тоқтамайды. Даңқ пен арзан мақтан үшін қайырымдылық жасамаймын, менің жүрегім езіледі оларды көргенде.
Мен туралы өсек, өтірік тарату жеңіл, қайыр, садақа бергенімді алдамшы әрекет деп бағалай салу оңай. Әлбетте, әркім өз деңгейінде ойласын.
Мен мұсылмандардың ешкімге зиян келтірмей, керісінше, өзіңе пайда тигізе отырып жақсылық жасай алатынына қайран қалам. Мен мұсылмандардың өміріндегі әр іс әрекеттің орнымен жасаларына қайранмын. Оларда берекетсіздік пен бекер тыраштану болмайды, қол жуатын суға дейін құрметпен қарайтынын кішіпейіл, қанағатшылдығын сүйем.
Мен мұсылмандар туралы, Ислам туралы көп нәрсе білем, ол қазіргі Сіздер оқып жүрген басылымдардағы «исламнан» басқаша дүние. Таза, тұнық әлем!