«Мен қазақ қызымын. Өзім де ашық-шашық киініп жүретін фильмдерді ұнатпаймын» – Самал Есләмова
Актриса Самал Есләмова режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінде басты рөлді сомдап, 71-ші Канн фестивалінде «ең үздік әйел рөлі» номинациясын иеленгені белгілі. Ол Астанаға келіп, журналистермен сұхбаттасты.
«Еліме, халқыма ризашылығымды білдіремін. Бірнеше күннен бері толассыз құттықтаулар түсіп жатыр. Халқымның ықыласын сезіп жатырмын, мың да бір рахмет», – деп сөз бастаған Самал Есләмова өз өмірі және кино жайлы журналисттерге қысқаша айтып берді.
Мен ешқашан актер болуды армандаған емеспін, арманым – журналист болу еді. Алайда, бәлкім бұйрық шығар. Өнер колледжіне түскеннен кейін бұл кәсіп маған қатты ұнап қалды. Сондықтан да болашақта тек қызықты рөлдерді сомдасам деген арманым бар.
Әлеуметтік желіні ұнатпаймын, себебі жақын адамдарыммен жүзбе-жүз кездесіп, сөйлескенді қалаймын. Инстаграмға ешқашан тіркелген емеспін ешқашан, тек фейсбукте ғана бармын.
Развод Надера и Симин» атты ирандық фильм қатты ұнайды. Менің де әр рөлін сүйіп тамашалайтын сүйікті актерлерім бар.
Әрине, мен қазақ қызымын. Өзім де ашық-шашық киініп жүретін фильмдерді ұнатпаймын. Алайда егер фильмнің шынайы шыққанын қаласаң, образды алып шығу керек болса, шектен шықпай ойнап шығуың керек», – дейді актриса.
Дереккөз: arasha.kz