МЕН — ҚАЗАҚПЫН!
Ахмет Байтұрсыновтың жаңа, тың жыры қолымызға түсті. Бірақ неге екені белгісіз Ахмет бабамыз бұл өлеңін орысша жазыпты. Ойлана келе газетіміздің қызметкері, белгілі ақын Ермек Сахариевтен аударуын өтінген едік. Соны назарларыңызға ұсынамыз.
Мен — қазақпын!
Мен — қазақпын, далалықпын көшпенді,
Қожасымын жердің және малдың бай,
Қағанаттар құрғам, жазғам руникамен кітаптар!
Мен — қазақпын, ежелгі скиф, «Құбыжықтың алтындарын қорғаушы».
Скифтердің патшасы-тын арғы бабам — Тарғытай,
Бұл — ақиқат, ертегі емес, жалғансыз!
Құлашымды кеңге жайып, құшағыма қысқам Батыс, Шығыс елдерін —
Қазақпын ғой, себебі, мен өйткені!
Лидия, Рим, Қытай, Иран, Вавилон төлеп тұрған алым маған көп тегі!
«Ұзын ерік» құралымен ұзартқанмынқолымды,
Мен — қазақпын, ежелгі хун — ғұндайбойын қарт Каспийдіңжайлаған.
Еуропаны бағындырып, «немістердің» таңбасының кейіпкері атанғам.
Мен — қазақпын, ғұн сиқты — төре, қаңлы, үйсінмін!
Ал қытайлық шежіреде мен — кангюймін, усуньмін.
Мен қазақпын — көк түрікпін, бөрі, қасқыр, қас түрік!
«Қасқыр текті адаммын» мен, қиратушы — демиург.
Мен — қазақпын, яки дулу, кутургулмін, хазармын!
Тарих жібін,ал, тарқатсақ, барша аузында татармын…
Ал, бүгінгі бізге бауыр — татар — волгадағы ұлт бұлғар.
Мен — қазақпын, оғыз жәнеқыпшақпын…
Қылыш, найза — менің мөрім, ен-таңбам.
Қатыгездік, түнек, ызғар ортасында ошағымда от жанған!
Мен — қазақпын, құл-басшымын, ие болғам тәждерге!
Мысыр, Бағдад, Үндістанда тақта отырғамсұлтанның…
Мен — қазақпын, сұлтан-мамлюк! Сындырған Қытай садағын.
Крестшілерді крест, сауытсыз, шалбарсыз қуғам Шығыстан.
Мен — қазақпын, «татар-моңғолмын»!
Жылқы — меніңкөлігім, төсек, үстелім!
Бар қалада, орман, тауда өз тағымды көтердім!
Мен — қазақпын, Бату, Ноғай, қасқыр тобына көсеммін!
Қыңсыл, шәуілді төбет иттің арсылынаайналтқан!
Мен — қазақпын, ежелгі сақпын, алданып қалғам мен-дағы…
Русь мені менсінбей «Қырғыз-қайсақ» деп атады…
Сол таңба иә әлгі белгіні өзіне тақты казак та.
Сақтық, қайсақ ұлы, мейлі: «Мен — қазақпын!»— депмақтансын.
Мен құдайшыл діндармын, менің Аллам түу көкте!
«Мен — қазақпын!» – деймін қарап түпсіз терең сол көкке.
Көп дұшпан көрдім, жеңілдім, тойлар басқардым…
Сондықтан мен — қазақ еркін болып, азат атандым!
Еріктен бастап теңдікке дейін көп төзіп, өліп-тірілдім…
Бостандыққа дейін нағыз, бірақ, керек маған дәуірлер мен көпжылдар…
Ұсақ қорқыныш белгісіз маған,жоқмүлдем!
Бақытсыз мүрдемо дүниеден, тіпті, бәрібір:
«Мен — қазақпын!» – деп, ұрандап жатпақзор үнмен!..