МЕН СЕНІҢ АНАҢ БОЛЫП ҚАЛА БЕРЕМІН…
Сен мені тыңдауды қойып, менің айтқанымды елемейтін болсаң да, МЕН СЕНІҢ АНАҢ БОЛЫП ҚАЛА БЕРЕМІН…
Менен мезі болып «қойшы… болды ғой!» деп айтсаң да сенің анаң болып қала беремін…
Жауап қатып, қарсы келіп, шағымданып, дауласссаң да, мен бәрібір сенің анаң қалпында боламын…
Сен менен де артық жақсы білемін деп ойласаң да, мен сенің анаң болып қала беремін…
Сосын сен кетіп қалғаныңда, жанымның жарты бөлігін алып кеткеніңде де, мен сенің анаң болып қала беремін…
Мен сені ең алғаш құшақтаған күндерімдей жақсы көре беремін…
Мен сен үшін дұға ететін боламын, қанаттарыңды қағып ұшуыңа жеткілікті күш-қуат беремін…
Сенің жақсылығың үшін жоспарларымды құрбан етемін, өйткені сенің жақсы болуың мен үшін әрқашан басымдыққа ие болады…
Сен әрқашан менің жүрегімде бірге боласың, сені құшақтауға әрқашан дайын жүремін…
Соңғы деміме дейін мен саған арнаған махаббатымды өзіммен бірге алып жүремін және әр күн сайын құдайға тәуба айтатын боламын…
Саған ана болуға мүмкіндік бергені үшін…
Мен өмір бойы сенің жаныңда боламын деп уәде бере алмаймын, бірақ өмір бойы сенімен бірге боламын…
Мен қолымнан келгенше тырысамын, сен маған әрқашан сенуіңе болады…
Себебі мен мәңгі сенің анаң болып қаламын…