Мен Жаңаөзендіктерді сүйемін! Жай емес, шексіз сүйемін!
Қайтпас қайсар рухы үшін! Өлімнен қорықпайтын жанкештілігі үшін! Әділетсүйгіштігі үшін! Табандылығы үшін! Бірін-бірі сатпайтын, бірі үшін бірі жан бере алатын ауызбіршілігі үшін!
Кеше бұл асыл қасиеттің бәрі мұқым қазақта болған! Бүгін ол қасиет тек Жаңаөзендіктерде сақталған!
Қазақстан үлкен құлханаға айналғанда, қазақтың ары мен ұяты болып Жаңаөзен қалды!
Жаңаөзен – революция бесігі!
Озбыр, шектен асқан, тәкаппар, өз халқына Үндістанның 4-кастасына қарағандай көктен шүйлігіп, танауы таңқиған қандықол билікті тәубасына түсіре алатын жалғыз күш ол – Жаңаөзен.
Біз Жаңаөзенге сенеміз! Біз — Жаңаөзенмен біргеміз! Жаңаөзен – біздің айнамыз! Жаңаөзен – біздің қағбамыз!
Жаңаөзеннің айбарлы дауысы естілгенде бүкіл қазақтың рухы оянып, кеудесінде намыстың алдаспаны жарқылдайды!
Ол алдаспан қынабынан бір суырылса, кешегі қанды қаңтардың кегі қайтарылмай тоқтамайды!
Әділет үшін жаратылған Жаңаөзен! Сенің туың еңкеймсін!
Қантардағы әрбір үтіктегішті, әрбір электрошокершіні, әрбір кемпірауызбен тіс жұлғышты, әрбір адамды тірідей қайнаған суға жидіткішті, әрбір таяқпен адам зорлағышты, әрбір тырнақ астына ине тыққышты, әрбір адамды аспанға асып қойып шоқпармен сабағышты, өлген қазақты көрден суырып алып оқ жинағышты жазалайтын күн алыс емес!
Алыс емес! Өте жақын қалды!
Өйткені жер бетінде әділетсүйгіш Жаңаөзенім бар!
Жаңаөөзенім! Ол — менің үкілеген үмітім! Ол — менің ар-намысым! Ол — менің Алашордадан өлмей жеткен арыстан рухым!
Жаңаөзен түрмеге қамалса, онда ол — қазақтың рухы түрмеге қамалғаны!
Жаңаөзенге оқ атылса, ол — қазақ тәуелсіздігіне атылған оқ!
Жаңаөзенді аяққа таптаса, ол- қазақтың ары тапталғаны!
Жаңаөзенді басып-жаншу ол — Қазақ мемлекетін басып жаншу!
Жаңаөзендіктерді мен сүйемін! Және жай емес шексіз сүйемін!
Қазақта жалғыз Отан бар. Ол -Қазақстан.
Қазақта жалғыз Отан бар. Ол – Жаңаөзен!
Танакөз Толқынқызы ФБ парақшасынан