«Мені жібер дедім»: төрт жыл бойы бала сүйе алмаған әнші шындығын айтты
Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай бірнеше жыл бойы сәби сүйе алмаған. Әнші Құралай Бекжанова өзіне қорқынышты диагноз қойылғанда, күйеуінен кету туралы ойлағанын отандық бағдарламада жасырмай айтты. «Маған «бала сүйе алмайсың» деген қорқынышты диагноз қойды. Сол дәрігерлерге таң қаламын. Бала асырап алу туралы ой болмаған. Мен оған: «Мирас, сен сондай керемет, әдемі жансың. Саған ұрпақ сүю керек. Сен мені жібер. Семейіме қайтар», — дедім. Ол келіскен жоқ. «Сені қалай елге қайтарамын? Бала тумайды деп жіберемін бе? Сенің ата-анаңа не айтамын? Бұйырғанын көреміз», — деді. Оның үстіне ата-енеммен бірге тұрдық. Сол кезде енем маған: «Ойбу, сендер әлі жассыңдар. Уайымдамаңдар. Әлі 5-10 бала туып тастайсыңдар», — деген. Енемнің қолдауы жақсы болды. Алланың қалауымен үш қыз, бір ұлды болдық. Бұл әзірге ғана… Алла қаласа, Арыстанбегімізге бір бауыр керек деп жүрміз. Бірақ ол Кенжебек бола ма, Кенжегүл бола ма, бір Алла біледі», — деді Құралай Бекжанова.
JQ-Aqparat