МЕНІҢ ӨМІРІЛІК МАҚСАТЫМ НЕ?

Ешкім өмірге жайдан жай келмейді. Марк Твенше айтсақ, адам үшін өмірде екі маңызды күн бар. Бірі өмірге келген күні болса, екіншісі не үшін өмірге келгенін түсінген күн. Арманнан бөлек әр адамның өмірлік мақсаты болады. Сол мақсатты анықтамаған болсаңыз анықтап, күнделікті соған сай әрекет ету керек.
⠀ МЕН ӨМІРДЕН НЕ КҮТЕМІН? Біз үнемі біреуден бірдеңе күтеміз. Достарымыздан, әріптестерімізден, ата-анамыздан, айналамыздан. Бұл қаншалықты дұрыс? Өз өмірімізге өзіміз ғана жауапты екенін түсінген кезде ғана біреуден бірдеңе күтуді доғарамыз.
⠀ БҮГІН МЕН НЕ ТЫНДЫРДЫМ Өзге адаммен сөйлескендей еш сылтауратпай, кейінге қалдырмай сөйлесейікші. Өзімізбен! Мен бүгін не тындырдым? Өзім үшін, өзге үшін. Біреуге көмектесе алдым ба? Біреуге қуаныш сыйлай алдым ба? Жоспарларымды тыңғылықты орындай алдым ба? Тағысын тағы.
⠀ МЕН ӨЗІМЕ ҰНАЙМЫН БА? “Өзіңді жақсы көр” деген сөзді жиі естиміз. Бірақ, мінезіңіз, болмысыңыз соған сай ма? Әдемі костюм мен сәнді туфли кию арқылы өзіңізге ұнайтын шығарсыз. Бірақ, костюм мен киімнің ішіндегі өзіңізге ұнайсыз ба?
⠀ АРМАНЫМ ОРЫНДАЛУЫ ҮШІН НЕ ІСТЕДІМ? Адам қолы оңай жететін дүниені әдетте сирек армандайды. Тіпті, армандамауы да мүмкін. Армандасаңыз, демек, ол үшін біраз күш салып, біраз еңбектенуіңіз керек деген сөз. Армандар әрекет бар жерде іске асатынын ұмытпаңыз.