Менің Отаным — Қазақстан!

Әр адамның жүрегіне жақын «Отан» деген ұғым бар. Менің балалық шағым өткен, болашағыма бағдар беріп, жүрегімде сақталған Отаным — Қазақстан. Менің Отанымның ұланғайыр жері мен сан ғасырлық тарихы бар. Қазақ даласының әрбір тау-тасы, кең байтақ даласы, мөлдір өзен-көлдері мен ауасының өзі мен үшін мақтаныш, мен үшін мәртебе.
Қазақстан-көпұлтты мемлекет. Қазіргі таңда Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде көптеген ұлт өкілдері өмір сүрсе де, барлығы бір-бірінің мәдениетін, тілін, дінін құрметтеп, сыйлап ғұмыр кешіп келеді. Бұл адами құндылықтар­дың негізгілерінің бірі. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері “Бірлік пен татулық” идеясы дамып, біз бейбітшілікті сақтап келеміз.
Менің Отанға деген сүйіс­пеншілігім шексіз. Біздің әсем табиғатымыз, қонақжай халқымыз, салт-дәстүріміз — бәрі мені өз елім­мен мақтануға шабыттандырады. Болашақта елімнің дамуына өз үле­сімді қосқым келеді.Еліміз одан әрі өркендеп, көркейіп, мәңгілік елге айнала беретініне сенемін.
Отанды сүю, оның гүлденуі үшін аянбай еңбек ету-әрбір азаматтың борышы деп білемін.
Мен өз отаныммен мақтанамын. Менің Отаным — Қазақстан!
Жаннұр Нұрсұлтанқызы,
С.Сейфуллин атындағы мектептің 11 — сынып оқушысы.