Меніңше, бүгінде адамдар…

Бір күні Хазіреті Әли (Оған Алланың разылығы болсын) намазын оқып бітіріп, сәлем бергеннен кейін, ішкі сырын былай ақтарады:

 «Мен Алла Елшісінің (с.ғ.с) сахабаларын көрдім, таныдым. Қазір олар секілді ешкім жоқ. Олардың (көп намаз оқып, сәжде жасаудан) жүздері бозарып, шаштары ұйпаланып, беттерін, көздерін шаң басатын. Таң атқанша, не Құран, не намаз оқитын. Алланың аты аталғанда, толқып тебірененіп кететін. Көздерінен сорғалаған жастан киімдері дымқылданатын. Меніңше, бүгінде адамдар түндерін бейқам өткізіп жүр».

 

 Ибн Кәсир, әл-Бидая 8/6