Меншік иелерінің бірлестігі – тиімді жоба
2020 жылғы 7 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.
Қабылданған Заң аясында басқарудың тек екі нысаны қарастырылған:
1. Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі (ММИБ)– бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум нысанын басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін, «Бір үй – бір ММИБ – бір есепшот» принципіне негізделген заңды тұлға ретінде тіркелген коммерциялық емес ұйым.
2. Жай серіктестік (ЖМ) – заңды тұлға құрмай, «Бір үй – бір ЖС – бір есепшот» принципі бойынша жұмыс істейді.
Бір іргетаста орналасқан не үйге ортақ бірыңғай инженерлік жүйелері бар көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамының келісімі бойынша бір Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі немесе Жай серіктестік құруға құқылы.
Меншік иелерінің бірлестігін құру (МИБ) – азаматтардың қолайлы және қауіпсіз өмір сүру жағдайына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Таразда бүгінде 156 Меншік иелерінің бірлестігі өз жұмысын қалыпты атқаруда.
Осы орайда Тараз қаласында қала әкімінің бас инспекторлары әр тұрғын үй аумағын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Халыққа Меншік иелерінің бірлестігін құрудың пайдасын айтып, артықшылықтарын түсіндіруде.
Тараз қаласының әкімдігі