МЕНШІК ИЕСІНЕ БИЛІКТІҢ ҚАУҚАРЫ НЕГЕ ЖЕТПЕЙ ОТЫР?

ҚР Үкіметінің назарына!

Бүгінде кезекті рет Алматы облысы Қарасай ауданындағы Кемертоған ауылының мәселесіне оралмақпыз. Қаншама уақыт өтсе де, қанша кездесулер өтсе де, биліктің тегеурінін көрмей тұрмыз. Бұлардың артында кімдер тұр? Дәл қазір Қарасай атау емес, етістік болып тұр. Әй, Үкімет, бері Қарасай, Көңіл бөлсей, Мәселені шешсей! Мінекей, осындай етістіктер Қарасайдың әр бұрышынан шығып тұр. Ортамыздың ойранын шығарған отыз жылда бұл аудан не көрмеді? Соның салдарын бүгін қарапайым халық тартып жатыр. Жауабын таппаған тың-тың сұрақ, әбден қажыған мыңдаған адам. Әкімдердің құр уәдесінен шаршаған халық. Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылының мәселесін көтеріп жүргенімізге жарты жыл болды. Осы уақытта ауыл тұрғындарымен бірге бармаған жеріміз жоқ, министрлік, ауыл әкімдігі, аудан әкімдігі, облыс әкімдігі құр сөзден іске көшетін кез келген шығар! Халық нәтижесін күтуде. Орысша айтқанда, біздің елімізде барлығы для «галочки» жасала ма? Құр көзбояушылық! Қаңтардың 11-і жексенбі күні халық көшеде жиналып, әкім мен энергетика басшысымен кездесті. Сондай-ақ жарықтың жекеменшік иесі Калелова Нурпия ханым да келген болатын. Осы уақытқа дейін белгілі болғаны меншік иесіне әкімдіктің де қауқары жетер емес. Осыдан он шақты жыл бұрын Алматы іргесіне қоныстанып үй салған  ауыл тұрғындарына электр желілерін жекеменшік иелері қосалқы трансформаторлы стансаларын орнатып, жарық орнатқаны үшін әр тұрғын үйден 350 мың теңгеден ақы алған. Бүгінде тұрғындар 500-750 мың теңгеге дейін төлейді. Бірақ стандарттарға сай емес бағандарға орнатылған жарық желілеріне сол күйі ешқандай сервистік қызмет көрсетілмеген. Қысы-жазы жарықсыз қалатын ауыл тұрғындары мәселесін айтпаған жері қалмады. Алайда, жергілікті билік органдары да, басқа құзырлы мекемелер де жекеменшік иелерін жөнге сала алмай тұр. Осындай олқылықтардан жарықсыз қалған ауылдар жалғыз Кемертоған ғана емес, бүкіл еліміздің ауылдарына да қатысы бар. Әсіресе ірі мегаполистердің іргесінде орналасқан ауылдарда. Бұл меншік иелеріне біздің елде заң жоқ па? Депутаттар да келді, облыс әкімі де келді, алайда нәтиже жоқ. Қажыған халық Райымбек көшесіне шығудан басқа амал көрмей тұр. Әлде биліктің назарын аударту үшін міндетті түрде бір үй күйіп, адамның өлімі болуы керек пе, билік сол кезде ғана қимылдай ма?

Жаңа Үкіметке үндеу хат

 

Бармаған жері жоқ халық ендігі кезекте жаңа Премьер-министр Олжас Бектеновке үндеу хат жариялады.

Біз, Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі а/о, Кемертоған ауылының тұрғындары бірнеше рет барлық инстанцияларға жүгіндік: Іргелі округінің, Қарасай ауданының әкімдіктері, Алматы облысының әкіміне, Қарасай ауданының прокуратурасына, Алматы облысының ДРЕМ, Алматы облысының ЖҚРК, Алматы облысы бойынша атом және энергетикалық қадағалау департаменті Алматы облысы Қарасай ауданының ІІБ, «Аманат» партиясы арқылы Ұлттық экономика министріне, Алматы облысы ҰҚКД А. С. Қуантыровтан облыстағы барлық бұзушылықтарды тексеруді сұрады:

Электрмен жабдықтауға сан сауал бар:

Біздің ауылды электрмен жабдықтау шамамен 2012 жылдан бастап жеке тұлғаларда болды, олар өтініш негізінде; серіктестіктер және ЖК кез келген құжаттарсыз рұқсат береді, техникалық шарттар трансформаторларды біреулері тұрғындардың есебінен, біреулері өз есебінен жеткізіп, тұтынушыларға жоғары бағамен сатады (баға әр КВт үшін әр «қожайында» әртүрлі болады, 28 теңгеден 43 теңгеге дейін) тұтынушылармен келісімшарттарсыз, төлем туралы түбіртектерсіз, трансформаторлар орнатылған жерге мемлекеттік актілерсіз және т. б. Жарық үшін «құтырған» сомаларды қойып тастайды. Кейбір тұрғындардан қызмет көрсету үшін 2000 теңгеден алынды. Жарықпен жиі үзілістер көптеген адамдар несиеге сатып алған электр құрылғыларының, пештердің бұзылуына әкеледі. Электр энергиясының бітпейтін мәселелерін шешуге үміттенетін ауыл тұрғындары өз өмірлерін қатерге тігіп, жолдарды жауып тастауға дейін бел байлап отыр.

 

Ауыл бойынша барлығы 160-қа жуық трансформатор бар. Көп емес пе? Неліктен осы күнге дейін жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік реттеу болған жоқ? Біздің «еститін мемлекетіміз» қайда? Бұл жеке тұлғаларға тарифтерді кім белгіледі (Ербол, Нұржан, Варвара, Т. Баян (ол Нурпия Калелова) Таня, Наташа, Тимур, Жандарбек және т. б.), бұл кәсіпкерлік қызмет заңды ма?

 

Неліктен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты бақылау жүргізілмейді! АЖК энергия сатумен келіспей, осы жекеменшік иелеріне 1 трансформаторларға арналған шарттарды қалай берді? Бұл жекеменшіктер әкімдіктерден инженерлік желілерге қалай рұқсат алды? Неліктен бұл үлкен шығындар тұрғындарға «ілінеді»?  Бұл трансформаторлары қауіпсіздік техникасына сәйкес келмейді (қоршалмаған, сымдар жабысып қалады).

 

Сондай-ақ, жиі сөндірулерге байланысты өрттер орын ала бастады. Тұрғындар үмітсіздіктен не істеу керектігін білмейді. Тек Парламент Мәжілісі депутаты А .А. Баққожаев араласып, өзі келіп, ауыл тұрғындарының шынайы бейнесі мен өмірін көргеннен кейін, облыс әкімінің орынбасары Құдайбергенов келіп, тұрғындармен кездесіп, хаттамалық тапсырма берді, бірақ қандай да бір себептермен бүгінгі күнге дейін одан еш нәтиже жоқ.

 

Ұлттық экономика экс-министрі Қуантыровтың қабылдауынан кейін тұрғындарға өтемақы тарифін белгілеу керек болды, тапсырма Алматы облысының ДРЕМ-ге берілді, бірақ бүгінгі күнге дейін ешкім оны қандай жеке шотқа төлейтінін білмейді, өйткені бұған дейін жарық үшін төленген ақша қайда кеткені белгісіз.

 

Калелованың арызы, ауыл тұрғыны Қазақбаеваның кінәсі не?

 

Халықты әбден қажытып қана қоймай, халықтың ішінде белсенділік танытқан Қазақбаева Ақлима есімді тұрғынның үстінен «халықты арандатып жүр» деген айыппен арыз түсірген. Соның кесірінен мемлекеттік мектепте жұмыс істеп жүрген мұғалім болмашы жерден сөгіс алып отыр. «Мұғалімнің мәртебесі» дегеніміз қайда осындайда, ұстаздарымыз құлдық жағдайларда өмір сүріп жатыр. Жалпы тұрғындармен бірге әділеттілікті талап еткен А. Қазақбаеваның не кінәсі бар?

 

«Калелова» ЖК 2017 жылы сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтер көрсетумен айналысады және Кемертоған ауылының жеке секторын электрмен жабдықтау 17 квартал (солтүстік-батыс жаңа ғимараттары ауыл тараптары). Сумен жабдықтау терең ұңғымалардан қамтамасыз етіледі. Тұрғындар қосылып осы желіге 250 000-300 000 теңге төлеп отырып қосылды.

 

Бұл желілер 2016 жылы салынған абоненттік желі болып табылады. «Калелова» ЖК сәйкес абоненттік төлем алады. Бірақ жоғарыда көрсетілген тұрғындармен жасалған қызметтерді көрсету бойынша ешқандай жеке шарттар жоқ. Тұрғындардың көпшілігінен су сапасын жақсарту туралы бірнеше рет шағымдар түскен. Қызмет көрсету және су сапасы. Оның ішінде Кемертоған ауылының 17-квартал тұрғындары саны – 40.

Ауылдың солтүстік-батыс жағында орналасқан абоненттер 170 000 теңге төлей отырып қосылды.

Бұл массивтің солтүстік жағында су мұнарасы бар, ол «Калелова» ЖК балансында. 2023 жылғы 30 қарашада Департаменттің сұрау салуына «Балқаш-Алакөл бассейндік реттеу инспекциясынан» жауап берілді:

ЖК «Калелова», мекенжайы: Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округі, Кемертоған ауылы, 17 квартал, 80 үй, кадастрлық нөмірі: №03-047-98-1271 жер учаскесі. «Калелова» ЖК электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді, лицензиясы жоқ және Алматы облысының ДРЭМ-мен келісілген бекітілген тарифі жоқ.

Қазіргі уақытта «Калелова» ЖК электрмен жабдықтау желілерін «тұтыну кооперативі» ретінде Департаментте тіркеді, БСН 240240011605, хаттамаға сәйкес.

Сондай-ақ, Кемертоған ауылының электр берілістерін жобалық-сметалық әзірлеуге конкурс жарияланды, құжаттама (бұдан әрі – ЖСҚ). Мердігер ұйымды анықтағаннан кейін жоба болады.

 

«Жайлы мектептің» жемісін қашан көреміз? 

 

Мемлекет басшысының жыл сайынғы тапсырмасын орындау үшін 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы негізінде «Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963 бұйрығымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы (бұдан әрі – ұлттық жоба) бекітілді.

 

Алматы облысында 2024-2025 жылдары ұлттық жоба аясында 109 200 оқушы орнына 53 мектепті пайдалануға беру жоспарланған (екі ауысымда). Сонымен қатар, ұлттық жобаға сәйкес шартты түрде 3 000 оқушы орнына (екі ауысымда) мектептің құрылысы 2023 жылы басталып, іске қосылады. 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуге жоспарланып отыр. Бұдан басқа, «Асыл арман» тұрғын үй кешені ауданында жеке инвестициялар есебінен 2000 орындық мектеп салу (ЖШС «Advento»).

 

Бұл Оқу-ағарту министрлігінен келген жауап, ал Алматы облысы әкімдігінің жауабында басқа сандарды келтірген болатын. Қай жауапқа сенуіміз керек сонда? «Кемертоған орта мектебінде 5000-нан аса бала үш ауысымда білім алуда. Үш ауысымды білім алуды жою мақсатында Кемертоған ауылының солтүстік бөлігі жағынан 3,0 гектар жер телімі бөлініп, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 1500 орындық мектеп құрылысы басталды. Мердігер мекеме –  «BI Group» ЖШС. Сонымен қатар, Іргелі ауылында 2000 орынға арналған мектептің құрылысын «Адвенто» ЖШС жүргізуде. Құрылыстардың аяқталуы 2024 жылдың соңына жоспарлануда.

 

Айыппұлмен құтыла сала ма?

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округінің Кемертоған ауылының тұрғындарының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №ЖТ — 2023-02662138 ұжымдық өтінішін қарап, жауап қайтарған болатын:

Жеке кәсіпкер «Калелованың» табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзғаны туралы ұжымдық өтініші негізінде департамент 2024 жылғы 11 қаңтар мен 17 қаңтар аралығында Табиғи монополиялар туралы заңнама мен Кәсіпкерлік кодекс нормаларын сәйкестендіру мәніне ИП «Калелова» жеке кәсіпкерінің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.

 

Тексеру нәтижелері бойынша пп талаптарын сақтамау фактілері анықталды. 1) табиғи монополия субъектісі табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы, одан шығару туралы, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге міндетті деп көзделген «табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының  26-бабы

2-тармағы.

Тексеру барысында ЖК «Калелова» Кемертоған ауылының 17-кварталында электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызметті және тарату желілері бойынша су беру бойынша реттелетін қызметті ұсынатыны анықталды. Бұл ретте, қызмет басталған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсету, тарату желілері бойынша су беру жөніндегі қызметті ұсыну бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне қосу үшін уәкілетті органға уақытылы өтініш білдірген жоқ, осылайша заң талаптарын бұзды. Нәтижесінде, «Калелова» ЖК-не қатысты 2 хаттама жасалды. 164-баптың 3-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жасау туралы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің жалпы сомасы 245 559,91 (екі жүз қырық бес мың бес жүз елу тоғыз теңге тоқсан бір тиын) теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, ЖК «Калелова» 2021 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қазанына дейін тиісті лицензиясы жоқ электр энергиясын жеткізу қызметтерін ұсынғаны анықталды. Осыған байланысты Департамент Қазақстан Республикасы Бас кодексінің 214-бабының тәртібімен Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы акт жіберді. Нәтижесінде, электр энергиясын жеткізу бойынша кірістер 2 226 108 (екі миллион екі жүз жиырма алты мың жүз сегіз) теңгені құрады. Осыған байланысты Департамент Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабының тәртібімен Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы акт жіберді.

Мінекей, қадірлі оқырман, сағыздай созылған Кемертоған мәселесі туралы кезекті мақаланы назарларыңызға ұсынып отырмыз. Жоғарыда айтқанымыздай, әлі де ешқандай дәйекті нәтиже болмай тұр. Ендігі бар үміт жаңа Үкіметте. Халық шаршаса да, бәрібір күресті жалғастыра береді. Бірақ шыдамның да шегі бар ғой. Сондықтан биліктен енді тегеурінді, нақты әрекет күтеміз.

Бет қатталып жатқанда: Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық округінің әкімі Қамалбек Арман Даниярұлы денсаулығына байланысты мерзімсіз демалысқа кетті, ал әкімнің орынбасары Апсаматов Омиржан Абдижадиович өз еркімен жұмыстан кетті.

 

РАУАН МУТАИР