«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Кейінгі жылдары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы мыңдаған отбасының жетістігін насихаттап, жас отбасыларға өнегелі жол көрсетіп келеді. Аталған байқаудың аудандық кезеңінен биыл 2 отбасы топ жарып, облыстық кезеңге жолдама алған болатын. Күні кеше аталмыш байқаудың аудандық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков құттықтап, тиісті марапаттарын табыстады.
Нәтижесінде, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңін өңіріміздегі Көшербаевтар және Баймағанбетовтер әулеті жеңіп, үздіктер қатарынан көрінді. Өңір басшысы Бақытжан Оразалыұлы әулеттің үлкендеріне алғысын білдірді. Ендігі кезекте жерлестеріміз аталған байқаудың облыстық кезеңінде аудан намысын қорғайтын болады. Кездесу барысында аталмыш сыннан сүрінбей өтіп, жеңімпаз атануларына тілек білдірді.