Мереке құтты болсын Қазақ елі..!

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттігін айқындайтын мереке құтты болсын!
1992 жылы 4 маусымда елiмiздiң Тұңғыш Президентi – Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Тәуелсiз Қазақстанның Мемлекеттiк рәмiздерi туралы заңға қол қойды. Бұл рәмiздер бiздiң ең басты мемлекеттiк құндылықтарымыз — Ту, Елтаңба, Гимн.
Осылайша бiз жер шарында Қазақстан Республикасы атты егемендi мемлекет бар екенiн және ол ғасырлар бойы азаттығын қастерлеп, рухын биiк ұстап өтетiндiгiн тағы бiр рет дәлелдедiк.
Мемлекеттiк рәмiздер — ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрiнiсi. Оның мазмұнды нышандары кешегi өткенiмiздi айшықтап, ертеңгi мақсатымызды айқындап тұр. Рәмiздердегi нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесi қалыптасады.
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!
Туымыз тұғырлы, тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын!