Мерекеге орай мекемеде шахматтан жарыс өтті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында 25-қазан Республика күні аталып өтті. Мерекелік іс-шарада сотталғандар арасында зияткерлік және спорттық дағдыларды дамытуға бағытталған Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жамбыл облыстық шахмат федерациясының бірлесе ұйымдастыруымен шахматтан жарыс өткізілді.

Түзеу мекемелерінде өткізілетін мұндай іс-шаралар моральдық климаттың жақсаруына ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар сотталғандарға қалыпты өмірге оралуға көмектеседі, бұл олардың таланттары мен дағдыларын тіпті қиын өмірлік жағдайларда да дамыта алатынын көрсетеді.
Сотталғандар жарысқа белсене қатысып,жүлделі орынға ие болған сотталғандарға алғыс хаттар табысталды.

 

Аянат Мұратқызы