Мерекелеріңібен, Қазақ елі құттықтаймыз!!!
Желтоқсан айы мерейлі мерекелерге толы! Сол мерекелердің көшбасында еліміздің Тұңғыш Президенті күні тұр. Биылғы бұл мереке қасиетті пайғамбарымыз (с.ә.с.) туған күні нұрға толы Мәуліт түнімен сабақтаса басталды. Бір жағынан осы күн қасиетті жұмамен жалғасты. Бұл біздіңше жақсылықтың нышаны деп білеміз. Кеше Алматы қаласының әкімі мен мәслихаты зор жаңалықтың қақпасын ашты. Фурманов көшесі президентіміздің атымен аталды. Міне мұның бәрі Аллам сыйлаған, ата-бабаларымыз аңсай күткен Тәуелсіздігіміздің шапағаты. Шүкір делік. Иә, қазағымыз әрқашанда қаншама ауыр күндер болса да шүкірлігін аузынан тастамаған халық. Енді міне, соның алғашқы нұрлы сипаттарын көріп, бастан кешіп жатырмыз. Айналада болып жатқан аласапырандар, соғыстар, бүлікшіліктерге қарап шүкір, шүкір дейміз. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев күні-түні ұйықтамай халқына қызмет етіп жатыр. Қазақстанды қазір бүкіл әлем біледі десек артық айтқандық емес. Алла бізге осындай кемеңгер басшыны берді. Ынтымақ бірлігіміздің қатықтай ұйып тұрғаны Алламның мейір-шапағатының арқасы. Қазағым мен оның басшысының шүкіршілігі мен данышпандығының нәтижесі.
Қадірлі халайық! Аллам осы әдемі де, бейбіт күндерінен айырмасын. Елбасымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Халқымыз аман болсын!
»ЕлАна.kz» сайтының ұжымы