Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметті құрылысшылар!
Қадірменді сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Құрылысшы — құрметті де мәртебелі мамандық. Ал, құрылыс саласы – ел экономикасының көрсеткіші, әрі негізгі іргетасы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде құрылыс саласын дамытуға, құрылысшылардың қарқынды еңбегін қамтамасыз етуге тұрақты назар аударып келеді.
Ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстары өңір экономикасының көтеріліп келе жатқандығын айқындай түседі. Биыл 16 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Олардың арасында елді мекендерге газ құбырларын тарту, ауыз су құбырларын жөндеу, әлеуметтік нысандар салу, жолдарды жөндеу, көпқабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту, сондай-ақ абаттандыру, көріктендіру жұмыстары бар.
Жыл сайын «Асарлатып үй салу» жобасы аясында Жаңатас қаласы мен елді мекендерде ауыл тұрғындарының және демеушілер есебінен мұқтаж азаматтарға жаңа үй салып беру, үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу дәстүрге айналған.
Осынау мерейлі мереке қарсаңында ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосқан құрыш қолды құрылысшыларға ризашылығымызды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат пен мұқалмас жігер тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Сәкен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі