Мерекелік кеш өтті

Таразда белгілі театр және кино актері, Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұловтың 75 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті.
📍Салтанатты шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мерейтой иесін құттықтап, оның өңіріміз бен еліміздің мәдениетін дамытуға қосқан елеулі еңбегін атап өтті.
❗️Шара барысында аймақ басшысы тараздықтармен бірге «Абылай ханның ақырғы күндері» спектаклін тамашалады.
✅ Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі басты рөлді сомдаған қойылымда қазақтың ірі тұлғасы — Абылай ханның ел басқарған жылдардағы ерлік істері мен аңсар-тілегі шебер суреттеледі.

Мерекелік кеш өтті

♦ Талас аудандық «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет үйінде ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына — 30 жыл толуына орай, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік гала-концерт өтті.
♦ Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Абдибекова бастаған актив құрамы мен тыл ардагерлері және жергілікті құзырлы орган өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
♦Салтанатты басқосуда алғаш болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Айтолқын Серікқызы айтулы датаның мән-маңызына кеңірек тоқталып, жыл басынан бергі облыстық, республикалық түрлі деңгейдегі мәдени-көпшіліктік іс-шараларда ауданның жеткен жетістіктері мен толайым табыстары туралы айтып өтті.
♦ Іс-шара барысында аудандағы бірқатар азаматтар аудан әкімінің «Құрмет» грамотасымен, Алғыс хаттарымен, аудан мәслихаты хатшысының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
 Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі