Мерекелік шара

Кейінгі жылдары дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы мыңдаған отбасының жетістігін насихаттап, жас отбасыларға өнегелі жол көрсетіп келеді.

Аталған байқаудың аудандық кезеңіне биыл 14 отбасы қатысты. Соның ішінде комиссия мүшелерінің шешімімен 2 отбасы топ жарып, облыстық кезеңге жолдама алды.

Осы орайда, бүгін Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы -2024» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Атап айтқанда, байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Рақышевтар отбасы, жүлделі ІІ орынды кәсіпкер Болатбековтар отбасы иеленді. Ал, І орынға Өмірбаевтар отбасы лайық деп танылды.

Мерекелік шараны аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев құттықтау сөзімен ашып, аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

Марапаттау рәсімінен кейін көрермендер аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, керемет кештің куәсі болды.