МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Отбасы – бұл әр адамның өміріндегі басты құндылық, күш, қуат, жақсылық, үйлесімділік көзі. Қазақ халқы отбасының адам өміріндегі маңыздылығын, оның білім берудегі және болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін терең түсінген. «Жанұясыз адам – жеміссіз ағаш», «Баланың бас ұстазы – ата-анасы», «Отбасының сәні – сыйластық», «Ата – асқар тау, ана – бауырыңдағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз» деген мақалдың өзі соның айғағы.
Наурызнама онкүндігінде 16 наурыз отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған. Шаңырақ — отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың жалғасуының символы.
Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов пен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлімова Шаңырақ күніне орай, Жаңатас қаласының тұрғыны Оңлан Елеуқұловтің шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.