«Мерке-Шу-Бурлыбайтал» автожолының берері мол  

Шу ауданы бойынша жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 839,72 шақырымды  құрайды. Облыстық маңызы бар жолдар бойынша «Мерке-Шу-Бурлыбайтал» автомобиль жолының құрылыс жүргізілуде. Сондай-ақ, Шу қаласындағы кіре беріс қақпадан бастап, Бәйдібек ауылына дейінгі ескі жолдарды да реконструкциядан өткізуді «Қазавтожол» АҚ-ның ЖОФ жоспарлап отыр.

Облыстық маңызы бар жолдар облыс басқармасына қарайтындықтан  2019 жылға облыстық бюджеттен 36,6 млн. теңге қарастырылған. Нақтылап айтсақ,  «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен 150000,0 мың теңге бөлінген. .

        Қоғамдық көліктермен  Шу қаласы, Төле би, Бірлік, Қонаев ауылдары қамтылған. Оның ішінде Шу қаласындағы «Қант зауыты-Төлеби», «Автобекет-Тоғай» №3,№5 бағыттары бойынша аудан әкімдігінің 2018 жылғы 26 маусымдағы «Тарифті белгілеу туралы» №205 қаулысына сәйкес, 50 теңге болып бекітілген.

Сондай-ақ, Жамбыл облыстық маслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі «Шу ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» №22-7 шешіміне сәйкес, 2 бағыттың (Қант зауыты-Төле би, Автобекет-Тоғай) тізімі бектілген.

2019 жылдың 21 ақпанында «Шу ауданы елді мекендерін көктемгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау екі айлығын өткізу туралы» аудан әкімдігінің №47 қаулысы қабылданып, аудан аумағында 1-наурыздан 1-мамырға дейін екі айлық жарияланды.

Қаулыға байланысты аудан бойынша елді мекендерде екі айлықты өткізу бойынша тиісті іс-шаралар жоспары бекітіліп, Шу қаласы мен елді мекендерде 27200 түп тал отырғызу, 2700 шм гүлзар, 2200 шм көгал орналастыру, 90 шқ арық және канал, 197 шақырым көше тазалау,  186000 шм саябақ пен скверді тазалау және 270 т. күл-қоқысты арнайы полигондарға шығару жоспары орындалды.

Биылғы жылға аудан бойынша абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары үшін жалпы 220000 мың теңге қарастырылды. Оның ішінде Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыруға 170000 мың теңге бөлініп, 50000,0 мың теңге игерілді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 18 ауылдық округке республикалық бюджеттен 59214,4 мың теңге қарастырылған.

Шу ауданы бойынша 36 елді мекен 19 ауылдық округ орналасқан. Тұрғындардың саны 100 962 адам. Аудан бойынша Шу қаласы мен 18 ауылды мекенде 22 дана полигон бар. Жалпы аумағы 39,4 га құрайды. Тұрмыстық қатты қалдықтармен айналысатын 2 кәсіпорын бар, «Төле би МКК» КМК және «Шу-Сервис» ЖШС.         36 мың халқы бар Шу қаласында  заңдастырылған қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жұмыс жасайды.

 

Төлен Дедек