МЕРКІ АУДАНЫ, КЕҢЕС АУЫЛЫНДА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ
Мектепке дейінгі балаларды сапалы тәрбие және біліммен қамту –Мемлекет басшысының білім саласына жүктеген басты міндеттерінің бірі.
Бұл ретте Меркі ауданында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай, бүгін Меркі ауданы Кеңес ауылында жаңа балабақша бүлдіршіндер үшін есігін ашты.
Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Нәрікбаев Нұрсұлтан Бақытжанұлы, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Алтынбаев Ахан Көктеубайұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Майра Егембердиева және ауыл тұрғындары қатысты.
Нұрсұлтан Бақытжанұлы ауыл жұртын қуанышпен құттықтап, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар кеш қонақтары мен ауыл ақсақалдары да өздерінің ізгі тілектерін арнап, қуанышқа ортақтасқан ағайынға алғыстарын айтты.
Ары қарай салтанатты түрде лентасы кесіліп, көпшілік жаңа балабақшаны аралап танысты.
50 орынға арналған балабақшаны ауыл азаматы Әділет Тілеуімбетов өз қаражатына тұрғызған. Бұл шалғайдағы шағын ауылда жаңадан ашылған екінші балабақша.
Осымен Меркі ауданындағы мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетіп отыр.
Жалпы аудан бойынша мектептке дейінгі тәрбие мен білім беретін 39 мекеме бар. Оның ішінде 16-сы мемлекеттік, 13-і жеке меншік балабақша болса, тағы 10 шағын орталық бүлдіршіндер үшін қызмет жасайды.
МЕРКІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ