Меркі ауданына қарасты екі бірдей ауылда дәрігерлік амбулатория ашылды

Бірі Гранитогорск ауылындағы фельдшер-акушерлік пункті, екіншісі Тәтті ауылында орналасқан дәрігерлік амбулатория.


Жалпы 1650 тұрығыны бар Тәтті ауылындағы амбулаториядағы нысанның құрылыс жұмыстарына 189 млн.тг бөлінген. 30 келушіге арналған жаңа емхана 11 қызметкерлерді тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Ал, 1040 тұрығыны бар Гранитогорск ауылындағы емхананың құрылыс жұмыстарына 94 млн.тг бөлінген. Бұл дәрігерлік нысан бір ауысымда 10 келушіге арналған. Штатта 5 қызметкер жұмыспен қамтылған.

✅Дәрігерлік амбулаториялардың ашылу салтанатына аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлы қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты.

⏳Сонымен қатар, аталған елді мекендердің тұрғындары жаңа ғимараттарда білікті медициналық көмек алатын болады. Амбулаторияларда заманауи медициналық жабдық орнатылған барлық қажетті кабинеттер бар.

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі