МЕРКІ АУДАНЫНДА ОРАҚ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛДЫ
Меркі ауданы бойынша 2022 жылы жалпы 56677 мың гектар алқапқа бидай-арпа себіліп, оның ішінде 26 960 гектар бидай, 29717 гектар арпаны орақтан өткізу жоспарланған еді.
Бүгінгі күні егін жинау науқаны өз деңгейінде жүргізіліп, жоспарлан егіс алқабының барлығы түгелдей орақтан өтті.
✅Қамбаға түскен жалпы өнім көлемі – 109 386 тоннаны құрады. Әу баста гектарына 13 центнерден өнім алу жоспарланған болса, нақты өнім көлемі бір гектарға 19 центнерден айналды.
❗️Егін жинау науқанынан барлығы 169 комбайн жұмылдырылу жоспарланып, техникалардың барлығы алқаптарда жұмыс істеп, күніне 520 гектар алқап орақтан өткізілді.
Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының
Өңірлік коммуникациялар қызметі