«Меркі–Бурылбайтал» (7-273 км) автожолын қайта жаңарту жұмыстары басталды

 

Ұзындығы 262 км «Меркі-Бурылбайтал» автожолын қайта жаңарту 4 учаскеге бөлінген. Оның ішінде Меркі кентінен Шу қаласына дейінгі 86 км жол учаскесі 4 жолақты қозғалысы бар І-ші техникалық санатқа жатады. Ал, Шу қаласынан бастап Бурылбайтал ауылына дейінгі 176 шақырымды құрайтын қалған 3 учаскеде 2 жолақты II-ші техникалық санаттағы жол жасалады.

Толығымен жаңартылған автомобиль жолы Тәтті, Шу, Бірлік елді мекендері арқылы өтеді.

Қайта құру жобасы аясында күре жолдың бойында 6 көпір, 3 темір жол өткелі, 11 жарықтандырылған көлік айрығы, 276 су өткізу құбырлары, демалыс алаңдары, автопавильондар салынады. «Меркі-Бурылбайтал» автожолына төзімділігі жоғары қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон төселеді.

Жобаны толық аяқтау 2022 жылдың маусым айына жоспарланып отыр.