Меркіде 6 айда 1 581 адам тұрақты жұмыспен қамтылған

Меркі ауданында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба бағдарламасы аясында жұмыстар атқарылуда. 2022 жылы аталған бағдарламаға жалпы 397688,0 млн.теңге бөлінсе, оның ішінде республикалық бюджеттен 85810,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 23893,0 млн. теңге, аудандық жергілікті бюджеттен 287985,0 млн.теңге бөлініпті.
Биылғы жылы облыстық басқарма тарапынан жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға берілген жоспар 4 020 адам. Бос жұмыс орындары бойынша берілген жоспар 2 461 болса, 6 айда 1581 адам тұрақты жұмысқа орналасып 64,2 % құраған (обл.көрсеткіш 56,2%). Оның ішінде әйелдер – 706, 29 жасқа дейінгі жастар – 546.
2022 жылға қайтарымсыз грантқа 253 адамға 309,9 млн.теңге жоспарланып, сәуір айында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру қағидаларына сәйкес 12 адамға 14,7 млн.теңге берілген. Қалған 241 адамға 295,2 млн.теңге аталған қағидаларға қайта өзгеріс енгізілуіне байланысты толық дайын болған кезде беріледі.
✅ Ағымдағы жылы әлеуметтік жұмыс орнына берілген жоспар 95 болса, аудандағы 21 мекемемен келісім-шарт арқылы 6 айда 99 адам жолдамамен жіберілген. Оның ішінен 2 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 7 адам отбасылық жағдайларына байланысты өз еріктерімен жұмыстан шыққан.

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі