МЕРКІДЕ АСАРЛАТЫП ҮЙ БЕРІЛДІ

Жамбыл облысында бірнеше жылдан бері «Асарлатып үй салу» әлеуметтік жобасы қолға алынған.
Аталған жоба аясында жыл сайын әр ауданнан оншақты баспанаға мұқтаж жанұя жаңа баспанамен қамтылып келеді.
Осы орайда, Меркі ауданы, Рысқұлов ауылдық округінде осындай жанұялардың бірі кезекті рет жаңа баспанаға ие болды.
Округке қарасты Интернационал ауылында Өмірбек Атамұратов пен Зүлфия Спандиярованың отбасы осыдан екі жыл бұрын үйі өртеніп, баспанасыз қалған болатын.
Содан бері жанұясында 6 ұл 1 қызды тәрбиелеп отырған бұл отбасыға көмегін аямаған ауыл жұрты биыл асарлатып, жаңа баспана салып берді.
Ауыл жұрты қоныс тойын тойын жасап, жаңа баспананың кілтін салтанатты түрде табыстады. Қуанышқа аудан әкімі Жорабек Баубеков, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары, жастары түгел жиналды.
Аудан әкімі ауыл жұртшылығының ауызбіршілігіне ризашылығын білдіріп, баспана иесіне құтты болсын айтты. Жергілікті қоғамдастық төрағасы Мұрат Абдразақов үйдің асарлатып салынуына атсалысқан барша жанға ақ батасын беріп, салтанатты түрде лента кесілді.