Меркіде Ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтеді
Бүгін ауданымыздың 95 жылдық мерейтойына орай ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылды.
Жарыс Тұрар Рысқұлов округіне қарасты атшабар алаңында болып өтті. Қыз қуу, көкпар, теңге алу сынды ұлттық спорт ойындарын жиналған көпшілік асқан қызығушылықпен тамашалады.
Дүбірінен жер сілкінер арғымақтар мен бағымен бабы келіскен шабандоздар өзара мықтыны анықтады.
«Жігітте де жігіт бар азаматы бір бөлек, жылқыда да жылқы бар қазанаты бір бөлек» деген ата-бабаларымыз ат спортын ежелден ақ дәріптеген.
Ұлттық спорт ойындары бабадан қалған мұра, болашақ ұрпаққа өнеге.
Меркі Ауданы Әкімдігі