Мешіт имамы сотталғандармен жүздесті

Кез келген салаға байланысты туындаған сауалдың жауабын білікті маманнан білген жөн. Олай болмаған күнде, тура жолдан тайқып кетуіңіз ғажап емес. Ал, көкейіңіздегі сұрақ дін саласына қатысты болса, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына бағынысты мешіт имамдарына жүгінген дұрыс. Себебі, дін саласы өте нәзік әрі оның беймәлім қатпары көп.

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің діни сауаттылығын арттыру мақсатында мекеме басшылығымен бекітілген бірқатар шаралар жүзеге асады. Соның бірі – облыс орталығындағы мешіт имамдарының сотталғандармен жеке қабылдау өткізуі.

Жуырда Тараз қаласындағы «Хамракул» мешітінің имамы Хамидулла Ахметов арнайы контингентпен жүздесіп, олардың көкейлеріндегі сұрақтарына нақты жауап берді. Бейресми кездесуде маман Ислам діні жөнінде кеңінен ақпарат беріп, қашанда өзгелерге жақсылық жасау діндегі басты талап екенін атап өтті.

aqjolgazet.kz