МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ САРАЛАНДЫ
Күні кеше «Amanat» партиясының аудандық филиалында кеңейтілген отырыс өтті. Депутаттық фракция жетекшісі Болатхан Ниязбеков төрағалық еткен жиынға аудандық мәслихат төрағасы Жасұлан Әбенов, аудандық филиалдың Саяси кеңес мүшелері, аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері және мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Фракция отырысының күн тәртібінде партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында 2023 жылға белгіленген көрсеткіштердің орындалуы туралы мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша баяндама жасап, партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі көрсеткіштердің ауданда орындалуы туралы баяндалды.
Жол картасына сәйкес, аудандағы экономиканың дамуы, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік сала, жастарды қолдау және экологиялық қауіпсіздік бағыттарында барлығы жергілікті әкімдікке қатысты 72 іс-шаралар мен көрсеткіштер тізбесі белгіленген. Жыл басынан бері оның басым бөлігі орындалып отыр. Қалған көрсеткіштер де жыл соңына дейін жіті бақылауда болады. Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті шешімдер шығарылды.