Ми қызметін жақсарту
♦ Жылқы жүрегін қуырып жесе ұмытшақтық, есте сақтау қабілетінің нашарлауына ем болады.
♦ Жұмыртқа миды қуаттандырады және бойды өсіреді. Жұмыртқа сарысындағы фосфорлы май, холестерин, ұрықтық сары зат нерв жүйесіне, дененің толықсуына және бойдың өсуіне пайдалы. Балалар мен жастар жұмыртқамен үнемі азықтанып тұрғаны дұрыс.
♦ Балалардың үлкен дәреті ұзақ уақыт қатып қалса, орталық нервтерді уландырады. Зейінін шоғрландыруға кесірін тигізіп, есте ұстау қабілетін төмендетеді. Сондықтан үлкен дәреттің қатып қалуына немқұрайлы қарауға болмайды.
♦ Таңертеңгі астың қоректігі мол, сапасы жақсы болу керек. Таңертеңгі аста белок құрамы жоғары тағамдарды жейтін балалардың ойлау қабілеті жақсарады.
♦ Балалардың ұйқысы шала болмай қанып ұйқтау қажет. Бастауыш мектеп оқушылары әр күні 10 сағат, орта мектеп оқушылары 8-9 сағат ұйықтағаны жөн. Егер балалардың ұйқысы қанбаса, олардың зейін шоғырландыруына кері әсерін тигізеді.
♦ Балалар тәтті тағамдарды көп жемеу керек. Тәтті тағамдарды көп жейтін балалардың зейін-зердесі біршама төмен болады. Өйткені тәтті тағамдар тәбетті төмендетіп, белок пен дәрумендердің сімірілуін азайтады. Денеге азықтық жетіспейді, үлкен мидың өсіп жетілуіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан балалардың алғыр, қағылез болуы үшін оларға белок пен дәрумендері бай тағамдарды көбірек жегізген жөн.
♦ Нерв қызметінің қалыпсыздығынан ұйқы қашатындар әр күні жатар алдында айраннан бір кесе ішіп жатса, нерв тынышталып ұйқысы жақсарады.