Міне, ғибрат…
Баяғыда бір есті ана алыс елге ұзатқан қызына бір жастықты ұстатып: «Қызым, бөтен жерге бара жатырсың, сырыңды жұртқа шашпа, не айтқың келсе де мына жастыққа айта бер. Бір жылдан соң өзіңмен бірге ала кел!» деген екен. Жыл өткенде қызы төркіндеп келеді. Анасына жастықты ұстатып, «Ана, мына жастықтың құлағы қалқиып әңгіме тыңдаудан жалықпайды» деген екен. Анасы жастықты жарып қараса мамығы ылғалдан көгеріп кетіпті. Анасы үндемей жастықтың мамығын ауыстырып қызын қайта шығарып салады. Келесі жылы да қызы алып келген жастықтың мамығын ашып қараса, сол күйінде екен. Қызының көз жасы тиылып, өз жұртына сіңгенін байқап анасы жастықты алып қалыпты.
Осындай аналар аман болсын!