Министр: «Көп балалыларды жұмыс істеуге мәжбүрлемейміз»

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова көпбалалы аналарды жұмыс істеуге мүжбүрлемейтінін мәлімдеді.

«Өздеріңіз білетіндей, 2014 жылдан бері «Өрлеу» бағдарламасын жүзеге асырып келеміз. Бізде 3-7 жас аралығындағы баланы асырап отырған аналар бар. Егер оларда мүмкіндік туындаған жағдайда жұмысқа орналастырамыз. Бала асырап отырған аналар бұл бағдарламаға қатысу-қатыспау өз еріктерінде. Мамандығын алмастырғысы келетіндерге жұмыс беруге даярмыз» – деді министр.

«Қасым-ақпарат»