Міржақып Дулатұлының денсаулыққа байланысты кеңестерін оқи отырыңы
Міржақып Дулатұлының денсаулыққа байланысты (бір ғасыр бұрын жазған, осы күні маңызы арта түспесе, еш кемімеген) кеңестерін оқи отырыңыз. Ол кісі былай дейді:
✅“Дененің саулығын сақтау үшін
☑️1. Үйіңе таза ауа көп кірсін, күннің сәулесі көп түссін. Саламаттықты сақтау үшін таза ауа, күннің шуағы өте қажет нәрсе (ˆД3-ді айтып отыр ғой, сірә — М.Е.).
☑️9. Аяқ киімің (етіктің ұлтаны табаныңа лайық болсын) өкшесі жалпақ, аласа болсын. Биік өкше өте зиянды болады.
☑️10. Өте көп ішіп, жеме. Бұзылған астан, сіңбейтін тамақтан, әсіресе, тәттіден қашық бол. Жас балаға тәтті беріп үйретпе. Асты реттеп ішіп, же. Күніне үш мезгілден артық тамақтанба. Уыттанған тамаққа әуес болма. Жәйша даярланған асқа көндік. Пияз, тұз, қызыл бұрыш, ақжелкек секілді нәрселерді асқа көп салма. Арақ, боза секілді есірткіш нәрселерге жолама.
☑️11. Ерте жат, ерте тұр. Оянған соң төсекте тыраңдап жатпа. Оянысымен төсектен тұрып кет. Оянысымен төсекті тастамаған кісі ететін жұмысын көңілді болып бастамайды.
☑️12. Кешке ұйықтардың алдында ауыр жұмыс істеп шаршама. Болдырған кісі дұрыстап ұйықтай алмайды.
☑️13. Ұйқы адамға күш жинап, қуат береді. Адамға пайдалы — ұйқы. Түсіз қатты ұйқы. Түнде ұзақ отырып істеген ми жұмысы адамның ұйқысын бұзады, адамды ұмытшақ қылады. Сондықтан саулық сақтау ғылымы саған “ерте жат, ерте тұр, сонда ғана ұйқы сені тынықтырады” деп бұйырады.
Ұйқының ұзақтығы жасқа қарай түрліше болады. Тәулікте емшектегі балаға он алты-жиырма сағат, он-он екідегі балаға тоғыз сағат, бозбалаларға сегіз сағат, үлкен кісіге алты-жеті сағат ұйқы керек. Наша шекпе, көкнар (апиын) жеме, диуана боласың. (М.Дулатұлы. “Денсаулық жайынан”)
Ал енді осының қайсын орындап, қайсын бұзып жүрміз? Жүз жыл бұрын жазылған дүние ғой, келісетін, келіспейтін тұстарымыз бар ма?
Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы