МО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТЕК EGOV.KZ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ ІСКЕ АСЫРУДЫ ҰСЫНАДЫ
Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Данияр Жаналиев хабарлады.
Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге және СЭҚ қатысушыларына көрсетілетін бірқатар қызмет түрлеріне шектеу қойды. Осыған орай, электрондық түрде қол жетімді мемлекеттік қызметтерді тек egov.kz ақпараттық жүйелері арқылы іске асыруды ұсынады. Сондай-ақ, барлық консультациялық сұрақтар бойынша Департамент сайтында көрсетілген телефондар арқылы, және де Facebook, instagram, twitter әлеуметтік желілері арқылы хабарласуды ұсынады.
Атап кететін жай, салық төлеушілердің қолайлылығы үшін ватсап мессенжері бар телефон нөмірі де көзделген.
Қазақстан Республикасында төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде ҚР ҚМ МКК 26.03.2020 жылғы №328 бұйрығына сәйкес қызмет алушыларға қызмет көрсету регламентіне Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілді.
жұмыс уақыты: сағат 09:00-дан – 17:30-дейін;
түскі үзіліс сағат: 13:00-дан – 13:30-дейін (яғни 30 минут);
хат-хабарларды қабылдау және беру: сағат 16:00 дейін
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау шараларын күшейту туралы» ҚР ҚМ МКК-нің 2020 жылғы 20 наурыздан №106 бұйрығына сәйкес және Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2020 жылғы 26 наурыздан №127-ж бұйрығы бойынша қашықтықта қызмет атқаруға 239 қызметкер немесе 63% өтті.
АНЫҚТАМА: Қазіргі таңда Департаменттің штат саны 569 адам, нақты 552 қызметкерді құрайды.
Сондай-ақ, азаматтардың келуін жеңілдету және азайту мақсатында барлық аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларында салық және кедендік міндеттемелерді орындауға қатысты барлық мәселелер бойынша қашықтан консультация ала алатын байланыс орталықтары құрылды.
Маңғыстау облысы бойынша МКД (7292) 301057
Ақтау қаласы бойынша МКБ (7292) 302323, 301310 вн.1173,1174,1180.
Жанаөзен қаласы бойынша МКБ (72934) 7-32-83, 7-17-57, 7-17-57
Маңғыстау ауданы бойынша МКБ (72931) 2-19-75, 2-14-80
Бейнеу ауданы бойынша МКБ (72932) 2-12-30, 2-12-41
Қарақия ауданы бойынша МКБ (72937) 2-12-43
Түпқараған ауданы бойынша МКБ (72938) 2-24-55
Мұнайлы ауданы бойынша МКБ (7292) 46-60-86, 46-51-24, 46-61-63
Теңіз порты Ақтау МКБ (7292) 30-13-10 вн.1065
Әуежай Ақтау Кеден бекеті (КБ) (7292) 60-96-41
Ақтау КРО КБ (7292) 40-34-01 вн.163
Морпорт КБ (7292) 44-51-28
Темір баба КБ (72937) 4-20-40
Қара Шекпен КБ (72938) 2-48-38
Бейнеу КБ (72932) 5-00-36
Тәжен КБ (72932) 2-55-73
Кұрық КБ (7292) 46-24-93
Болашақ КБ (702) 228-93-93
Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты жылдық декларацияларды ұсыну мерзімдері ұзартылды
Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты заңды және жеке тұлғаларға декларация тапсыру мерзімі төтенше жағдайдың уақытына сәйкес келгендіктен, ол 30 күнтізбелік күнге, яғни 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылады. Алайда, ол үшін салық есептілігі нысандарын электронды түрде тапсыру қажет.
Осылайша, 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін тапсырылған электронды декларациялар уақытында табыс етілген болып саналады. Бұл ұзартулар келесі салық есептілігінің нысандарына қатысты қолданылады:
корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нысандар);
жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00 нысандар);
жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация (230.00 нысан);
көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 нысан);
қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация (870.00 нысан);
жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00 нысан);
тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация (912.00 нысан);
бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00 нысан).
Бұл ретте, Депутаттар, судьялар мен мемлекеттік қызметшілердің жыл сайынғы декларацияларының тапсыру мерзімі де ұзартылды
Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны (230.00 нысаны) электронды түрде тапсырған жағдайда, оның мерзімі 2020 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылды.
Кәсіпкерлер үшін қосымша қолдау шаралары ұсынылды
Аталған шаралар ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру бойынша салық саясатының мәселелері жөнiндегi шаралар туралы» Қаулысымен қарастырылған.
ҚҚС ставкасы төмендетілді. 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңге ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне қосылған тауарларды өткізу айналымдарын жасаған және олардың импорты кезінде ҚҚС мөлшерлемесі 8 % мөлшерінде белгіленді.
Акциздер бойынша шаралар. ҚР аумағында экспортқа өткізілетін бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны бойынша акцизделетін тауарларды өндірушілер 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге акциз төлеуден босатылды.
Мүлік салығы бойынша нөлдік ставкалар. 2020 жылға туризм, қоғамдық тамақтандыру және қонақ үй қызметтері саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлік салығынан босатылды.
Сондай-ақ, микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша қолдау шаралары қарастырылған:
— барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу мерзімі 2020 жылғы 1 маусымға дейін ұзартылды;
— тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, салық және кеден берешегін, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу және мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету шараларын қолдану 2020 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатылды;
— тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай кезеңінде (2020 жылғы 15 наурыздан бастап 2020 жылғы 15 сәуір аралығында) туындайтын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімдері 2020 жылғы 1 маусымға дейін ұзартылды;
— төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу мерзімдерінің өтуі тоқтатыла тұрды, бұл ретте тоқтата тұру мерзімі тексеру мерзіміне кірмейді.
Кедендік тексерулерді жүргізу бойынша жекелеген шектеулер енгізілді
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шаралары аясында және қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне көшкендіктен кедендік тексерістер бойынша келесі шаралар тоқтатылды:
1) кедендік тексеріс құжаттарын және кедендік құжаттар мен мәліметтерін беру (тексеріс актілері, хабарламалар, талап қою) тоқтатылды;
2) тағайындалған көшпелі кедендік тексерістер, бірақ 2020 жылғы 16 наурыз күні күйінде басталмаған тексерістер тоқтатылды;
3) көшпелі кедендік тексерісті тағайындауды ҚР Қылмыстық-процессуалдық Кодексімен көрсетілген («Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі — Кодекс) 418-бабы 10-тармағы 10 тармақшасына сай) жағдайлардан басқа тоқтатылды;
4) мемлекеттік кірістер органдары мен декларант арасындағы ҚР Кодексінің 26 және 65 баптарына сай және ҚР ҚМ 2018 жылғы 23-ақпанындағы №264 «Консультациялар жүргізу қағидаларын және мерзімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес консультация жүргізу сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау тоқтатылды;
5) шет ел тауарларын қолдану бойынша есептілік табыстау уақыты өзгертілді, онын ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №367 бұйрығымен бекітілген ЕАЭО СЭҚ ТН белгіленгеннен төмен мөлшерде әкелінген кедендік баждар қолданылған тауарлар үшін есептілікті тоқсаннан жарты жылдықта бір рет келесі айдың 10-на дейінге өзгертілді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді импорттау үшін «жасыл дәліз» ашылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар импортталатын азық-түліктерге «жасыл дәліз» орнатты.
Бұл шаралар халықты бірінші кезекте тұтынатын тауарлармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жасалуда.
Қазіргі таңда бірінші қажеттілік тауарларын тасымалдайтын негізгі компанияларға кедендік тексеріс, сараптама, және тауардың құнын кедендік бақылау сияқты шаралар қолданылмайды.
Сонымен, 2020 жылдың 16 наурызынан 23 наурызына дейінгі кезеңде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың айналымы келесідей болады:
Тауар атауы Таза салмағы, тонна Статистикалық бағасы, АҚШ доллары Барлығы кг үшін теңгемен (Салық және Кедендік төлем)
Қызанақ 55,4 51189 471
Орамжапырақ
(Капуста) 25,7 9175 186
Бұрыш 4,7 3307 363
Алма 166,0 67389 210
Құс еті 18,1 17015 426
Сонымен қатар, 2020 жылдың 24 наурызынан 31 наурызына дейінгі кезеңде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша тауар айналымы:
Тауар атауы Таза салмағы, тонна Статистикалық бағасы, АҚШ доллары Барлығы кг үшін теңгемен (Салық және Кедендік төлем)
Қызанақ 29,0 18881 318
Орамжапырақ 196,1 28607 71
Сәбіз 14,0 2012 72
Бұрыш 13,7 12108 430
Алма 98,1 41070 204
Құс еті 228,1 219261 477
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, осы аптада бұрыш пен құс етін қоспағанда, осы тауарлардың 1 кг үшін бағасы алдыңғы аптаға қарағанда төмен болғандығын көруге болады.
Жоғарыда аталған тауарларға қатысты «Қазақстан Республикасы Президентінің» Экономиканы тұрақтандырудың одан әрі шаралары туралы «2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 141-ге сәйкес, 2020 жылғы 27 наурыздан 1 қазанға дейін импортқа ҚҚС ставкасы 12%-дан 8%-ға дейін төмендетілді.
Сондай-ақ, қазір шекарада өзге санаттағы бизнес субъектілеріне әкімшілік жүктемелерді азайту үшін «қызыл және сары дәліздердің» жұмысы қысқартылған.
Сондай-ақ, 2020 жылдың 22 наурызынан бастап ҚР Үкіметімен жекелеген тауарларды*** (қарақұмық, ұн, қант, картоп, сәбіз, шомыр, қызылша, пияз, орамжапырақ, күнбағыс дәні, күнбағыс майы) Қазақстаннан шығаруға тыйым салынды. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бұл тауарларға экспорттық кедендік бақылауды күшейтіп, «АСТАНА-1» электронды декларациялаудың ақпараттық жүйесінде оларды экспорттауға тыйым салынды.
(***Бұл тыйым ЕАЭО елдеріне таратылмайды).
ҚР Қаржы министрлігі, ҚР ҰҚК Шекара қызметі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен шешімі бойынша әдеттегі жүйе бойынша жұмыс істейтін жүк өткізу бекеттері белгіленді (қалған бекеттердің жұмысы төтенше жағдайға байланысты 2020 жылдың 16 наурызынан бастап уақытша тоқтатылды).
Осылайша, Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасында «Нұрлы жол» және «Достық» өткізу бекеттері (автокөліктер үшін) жұмыс істеуде.
Өзбекстан мен Қазақстан арасында: «Қазығұрт», «Қапланбек», «Б.Қонысбаев», «Атамекен», «Тәжен» бекеттері.
Түркіменстан мен Қазақстан арасында: «Темір баба» бекеті.
Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасында «Қайрақ», «Жаңа жол», «Қарақоға», «Шарбақты», «Үрлітөбе», «Қосақ», «Ауыл», «Үбі», «Жайсаң», «Әлімбет», «Сырым», «Құрманғазы», «Тасқала», «Жәнібек» бекеттері жұмыс істеуде.
Барлық халықаралық шекара бекеттеріндегі өткізу пункттерінде санитарлы-карантиндік бақылау күшейтілген. Атап айтқанда: санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысшылары жұмылдырылған, өткізу бекеттері жылу сезгіш құралдар және пирометрлермен жарақтандырылған, науқас адамдар анықталған жағдайда, оларды уақытша оқшаулауға арналған ем-шаралық бөлмелер қарастырылған.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Республикалық арналарының эфирінде еліміздегі төтенше жағдайға және экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы шараларға байланысты сөйлеген кешегі сөзіне Шағын және орта бизнес өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатуды тапсырады. Мұндай қолдау сауда, көлік қызметі, қонақүй, туризм және басқа да салаларды қамтиды. Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де қолдау көрсетіледі.
Тізімді Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия толықтырады.
Қазір біз Үкіметтің тиісті шешімдерін күтудеміз.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ