МОБИЛЬДІ КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА…

 «АMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен құрылған Мобильді қоғамдық қабылдау өз жұмысын Байзақ ауданында жалғастырды. Партия филиалдарының басшылары, партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының және жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған мобильді топ ауданның Темірбек және Көктал ауылдық округтеріндегі тұрғындардың өтініш, шағым және талап-тілектерін тыңдап, өз бақылауларына алып қайтты.

 Темірбек ауылдық округіндегі ауыл тұрғындарының негізгі өтініштері: Тегістік ауылындағы Ә.Жанкулиев орта мектебіне күрделі жөндеу, жаңадан медициналық амбулатория және мәдениет үйін салу, Шахан ауылына ауыз су жүйесін кіргізу, көшелерін жарықтандыру, спорт алаңшасын салу болса, Ал, Сарыбарақ ауылына мектеп және балабақша салу, ауыз су тарту, көше жарығын орнату және т.б. мәселер төңірегінде болды.
 Көктал ауылдық округінде тұрғындар ауылдағы құрылысы тоқтап тұрған мектеп құрылысын қайта жандандыру, қайтарымсыз грант алу жолдары, ауыл көшелерін жарықтандыру, ауыл мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу, ауыз сумен қамтамасыз ету, егін суының жетіспеушілігі, сондай-ақ, жер мен үй құжаттарын реттеу және т.б. мәселелер жөнінде қайырылды.
 Мобильді қоғамдық қабылдаудың өкілдері Байзақ ауданы ауылдық округтерінен 25 азаматтың өтінішін тыңдап, біршамасына қабылдау кезінде нақты жауаптарын берсе, қалған түйіткілді мәселелердің тізбесін жасап, партия өз бақылауына алды. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, өтініштердің оңтайлы шешілуі бойынша нақты жұмыстар жүргізілетін болады.

Мырзағали Мадимаров,
Байзақ аудандық маслихатының депутаты